Қазақстандық тағы төрт спортшы допинг үшін жазаланд

Қазақстандық тағы төрт спортшы допинг үшін жазаланд


Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы (ҚазНАДЦ) допинг қолданғаны үшін төрт спортшыны жарыстардан шеттеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін үш жылға шеттетілгендердің бірі — грепплингтен екі дүркін әлем чемпионы Самат Айтпанбет. Оның ағзасынан «Дростанолон» мен «Кломифен» анықталған. Ал Азиадада қола жүлде алған дзюдошы Ерлан Конкиев допинг сынағынан бірнеше рет қасақана бас тартқаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді.

Шымкенттік ауыр атлет Бекболат Қалиұлы да допингпен ұсталды. Ол «Метандиенон» қолданғаны үшін төрт жылға жарыстардан тыс қалды. Оның әріптесі Аслан Бурханов экзогенді тестостерон пайдаланғаны үшін үш жылға шеттетілді.

Бүгінде ҚазНАДЦ-тың «қара тізімінде» 95 спортшы мен 4 бапкер бар. Ең көп ереже бұзушылық тіркелген спорт түрі — ауыр атлетика.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или