Джейми Варди «Лестермен» қоштасатынын мәлімдеді

Джейми Варди «Лестермен» қоштасатынын мәлімдеді


«Лестер» шабуылшысы Джейми Варди маусым соңында клубтан кететінін жариялады. Бұл туралы 38 жастағы ағылшын ойыншысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Варди «Лестер» сапына 2012 жылы қосылған. Осы уақыт ішінде ол командамен бірге Англия Премьер-лигасын, Кубокты және Суперкубокты жеңіп алды. Жалпы клуб үшін 496 матч өткізіп, 198 гол соққан.

Биылғы маусымда да Варди командаға үлес қосып, барлық турнирде 32 ойынға қатысып, 8 гол мен 3 нәтижелі пас берген. Ол «Лестер» тарихындағы ең айрықша есімдердің бірі ретінде есте қалары анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или