«Ақтөбенің» жаттықтырушылар штабында өзгерістер болды

Қақпашылардың бапкері 46 жастағы украиналық Олег Шевченко «Ақтөбеден» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның міндетін бұған дейін қақпашылар бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеген Жасур Нарзикулов атқарады.
Айта кетейік, Жасур 2006–2008, 2012–2014 және 2020–2021 жылдары «Ақтөбе» сапында өнер көрсетіп, Премьер-Лиганың екі дүркін жеңімпазы, екі дүркін Суперкубок жеңімпазы және Бірінші лига чемпионы атанды. Жасур кейінгі жылдары Ақтөбе футбол орталығының жастарын жаттықтырып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или