«Ұлытау» ойыншысы алдағы «Ақтөбеге» қарсы ойынға қатыспайды

«Ұлытау» ойыншысы алдағы «Ақтөбеге» қарсы ойынға қатыспайды

«Ұлытау» командасының 37 жастағы шабуылшысы Жасұлан Молдақараев алдағы премьер-лиганың алтыншы туры аясында «Ақтөбеге» қарсы ойында алаңға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бесінші турда «Оқжетпеспен» (0:1) өткен ойында Жасұлан Молдақараев екі рет ескерту алғаны үшін алаңнан қуылды. Ол алдағы уақытта «Ақтөбемен» өтетін матчқа қатыспайды.

Жалпы, Жасұлан Молдақараев биылғы чемпионатта 4 кездесу өткізіп, бір ескерту алып және бір рет алаңнан қуылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или