«Атлетико Мадрид» - «Райо Вальекано». Мадридтік кіші дербиде кім жеңіске жетеді?

Испания Ла лигасының 33-туры аясында «Атлетико Мадрид» - «Райо Вальекано» матчы өтеді.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Атлетико» Испаниядағы ең атақты футбол клубтарының бірі, команда қазір Примераның турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Мадридтік команданы Испагияның ең алпауыт ұжымы деуге келмейді, бірақ олар осы маусымды жаман өткізіп жатқан жоқ.
«Атлетико» ойыншылары мен жаттықтырушылар штабының психологиялық жағдайы мінсіз деуге келмейді – «Реалдан» жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, «Барселонаға» Ла Лига мен Испания Кубогында есе жіберді, осы маусымда титул алу мүмкіндігінен айырылды (чемпионатқа әлі де мүмкіндік бар, бірақ теориялық тұрғыда ғана). Маусым аяқталуға алты матч қалды, команда екінші орындағы «Реал Мадридтен» 9 ұпай, көш басындағы «Барселонадан» 13 ұпай артта тұр. Ал төртінші орындағы «Атлетик Бильбаодан» 3 ұпай алда тұр. Демек Диего Симеоне үшін босаңсуға себеп жоқ, әрбір ойында жеңіске жетуге тырысады.
«Райо Вальекано» Еурокубок жолдамасына үміткер командалардың бірі саналады, бірақ ол үшін команда соңғы турдағы ойындарда ұпайдан шашау шығармауға тырысуы қажет. Лигадағы кейінгі тоғыз матчта олар тек бір ойында жеңіске жетіп, үш мәрте тең түсті – мұндай нәтижемен Еурокубокқа жолдама алу қиын. Бірақ Ла лиганың турнирлік кестесінде 7-10-орындарда тұрған командалардың ешқайсысы керемет ойынымен көзге түсіп жүрмегенін айта кеткен жөн. Сондықтан бұл клубтардың бәрінде мүмкіндік бар.
«Атлетико» ойыншысы Пабло Барриос жаттығуға оралған жоқ, оның матчқа қатысуы қиын. Бірақ Антуан Гризманн негізгі құрамда алаңға шығуы мүмкін, ол өткен турда екінші таймда алаңға шықты. Ал «Райо» сапында жарақатына байланысты екі негізгі ойыншысы өнер көрсете алмайды: орталық қорғаушы Абдул Мумин мен шабуылшы Серхио Камельо.
«Райо Вальекано» үшін «Матрацшылар» өте ыңғайсыз қарсылас саналады. Қос команда арасындағы кейінгі он бір матчта «Атлетико» тоғыз мәрте жеңіске жеткен, әлі жеңілген жоқ.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі қарымта кездесуге мынадай коэффициент ұсынып отыр: «Атлетико Мадридтің» жеңісіне — 1.52, «Райо Вальеканоның» жеңісіне — 6.60, тең ойынға — 4.20
«Атлетико Мадрид» - «Райо Вальекано» матчы 25 сәуірге қараған түні Астана уақытымен 00:30-да басталады, ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.