Маунтинбайктан ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

Қытайдың Гуйчжоу қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама эстафетада күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстан намысын Богдан Лухманов, Виолетта Казакова, Алексей Фефелов, Денис Сергиенко, Юлия Ли және Алина Карасева қорғады. Бірлескен күш-жігердің арқасында команда мәреге екінші болып келіп, Қытайдан кейінгі орынды иеленді. Үшінші орынға Үндістан құрамасы тұрақтады.
Бұл медаль Қазақстан үшін осы чемпионаттағы алғашқы жүлде болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или