Кореялық легионер Қазақстан футболының мәселесін айтты

Кореялық легионер Қазақстан футболының мәселесін айтты

«Екібастұздың» оңтүстіккореялық бұрынғы легионері Чан-у Ким қазақстандық футболға бейімделу кезінде кездескен басты қиындықтарды атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Ұзақ сапарлар маған ең үлкен мәселе болды. Біз пойызбен жүріп, жасанды алаңда ойнадық, бұлшықеттерім қатты шаршайтын. Мұндай жағдайда жарақат алу қаупі жоғары. Құдайға шүкір, бәрі жақсы аяқталды, – деді Ким Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.

2023 жылдың жазында «Екібастұз» командасы оңтүстіккореялық жартылай қорғаушы Чан-у Киммен келісімшарт жасасқан болатын. Бірінші лигадағы жарты маусым ішінде Ким чемпионаттың жұлдыздарының біріне айналды: 13 ойында 9 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

2024 жылы Ким «Ақсу» командасына ауысты, алайда павлодарлық клуб маусым басталардан сәл бұрын чемпионаттан бас тартқан еді. Қазақстаннан кеткен соң ол Қырғызстан мен Грузияда ойнады, қазір клубсыз жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или