Бір миллиард долларға жуық. Бокс тарихындағы топ-5 табысты жекпе-жек

Бір миллиард долларға жуық. Бокс тарихындағы топ-5 табысты жекпе-жек

Ақша мен бокс туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен ауызға ілінетін есім — Флойд Мейвезер. Ол тек жеңілмеген чемпион ғана емес, әр жекпе-жегін әлемдік деңгейдегі қаржылық оқиғаға айналдырған нағыз спорт бизнесмені, деп жазады Prosports.kz.

Назарларыңызға бокс тарихында ең көп пайда әкелген жекпе-жектерді ұсынамыз.

5. Леннокс Льюис – Майк Тайсон

Жылы: 2002

Жекпе-жекте интрига болмағанымен, қаржылай көрсеткіштер жоғары болды. Тайсон тез шаршап қалды, ал Льюис сенімді түрде нокаутқа жеткізді.

Жалпы табыс: $181,5 млн

PPV: $123 млн

Билет сатылымы: $19,5 млн

Жекпе-жекке төленген сыйақы: Льюис пен Тайсон – $19,5 млн


4. Эвандер Холифилд – Майк Тайсон 2

Жылы: 1997

Құлақ тістелген атышулы жекпе-жек. Тайсон дисквалификация алды, бірақ бәрі қалтасын қалыңдатты.

Жалпы табыс: $199,5 млн

PPV: $111,5 млн

Билет сатылымы: $16 млн

Сыйақы: Холифилд – $39 млн, Тайсон – $33 млн


3. Мейвезер – Оскар Де Ла Хойя

Жылы: 2007

Мейвезердің жаңа деңгейге шыққан жекпе-жегі. Жеңілген Де Ла Хойя көбірек табыс тапты.

Жалпы табыс: $255 млн

PPV: $150 млн

Билет сатылымы: $20,5 млн

Сыйақы: Де Ла Хойя – $57,5 млн, Мейвезер – $27 млн


    2. Мейвезер – Сауль «Канело» Альварес

    Жылы: 2013

    Жас Канело айтарлықтай қарсылық көрсете алмағанымен, бұл шоу қаржылай үлкен табыс әкелді.

    Жалпы табыс: $293 млн

    PPV: $164 млн

    Билет сатылымы: $27 млн

    Сыйақы: Мейвезер – $89 млн, Канело – $13 млн


      1. Мейвезер – Конор Макгрегор

      Жылы: 2017

      Бокс пен ММА қақтығысы. Көпшілік қойылым деп бағалағанымен, табыс жағынан рекорд орнады.

      Жалпы табыс: $907 млн

      Билет сатылымы: $60 млн

      PPV: $445 млн

      Сыйақы: Мейвезер – $306 млн, Макгрегор – $96 млн


        Абсолют рекорд: Мейвезер – Мэнни Пакьяо

        Жылы: 2015

        «Ғасыр жекпе-жегі» деп аталған кездесуді жанкүйер бес жыл күтті. Қызықсыз өтті деген сын болғанымен, тарихтағы ең табысты жекпе-жек ретінде қалды.

        Жалпы табыс: $931 млн

        Билет сатылымы: $80 млн

        PPV: $456 млн

        Сыйақы: Мейвезер – $306 млн, Пакьяо – $89 млн 

        Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
        Комментарии
        Для того, чтобы оставить комментарий, или