Бір сағатқа да жетпеді: Дияс ITF W100 турнирін жылдам аяқтады
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токиода өтіп жатқан ITF W100 турнирінде алғашқы айналымнан әрі өте алмады. Алматылық 31 жастағы спортшы алғашқы кездесуінде Ұлыбритания өкілі Хитер Уотсонға есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын небәрі 55 минутқа созылып, британ теннисшісінің айқын жеңісімен аяқталды — 6:2, 6:0. Дияс қарсыласқа лайық қарсылық көрсете алмады.
Осылайша, Заринаның бұл турнирдегі жолы қысқа болды — ол жарысты алғашқы кезеңде аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или