ҚПЛ-2025: бесінші турда жанкүйер ең көп жинаған матч аталды

ҚПЛ-2025: бесінші турда жанкүйер ең көп жинаған матч аталды

ҚПЛ-2025 бесінші турын трибуналардан 21 800 көрермен тамашалады - әр ойында орташа есеппен 3 114 жанкүйер болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Турдың ең танымал ойыны Астанада өткен «Жеңіс» пен «Елімай» арасындағы кездесу болды — бұл матчты 5 500 жанкүйер тамашалады. Кездесу қонақтардың минималды жеңісімен аяқталды — 0:1.

Ең аз көрермен саны Жезқазған мен Шымкенттегі ойындарда тіркелді: «Ұлытау» — «Оқжетпес» (0:1) және «Ордабасы» — «Жетісу» (1:0) матчтарын 1 900 жанкүйер тамашалаған.

Премьер-лига маусымы басталғалы бері ойындарды жалпы саны 148 713 көрермен тамашалады — бір матчқа орта есеппен 4 131 адамнан келеді.

Бесінші турдағы жанкүйерлер саны:

«Жеңіс» — «Елімай» (0:1) — 5 500

«Қайсар» — «Қайрат» (0:0) — 3 500

«Тұран» — «Астана» (1:1) — 3 500

«Тобыл» — «Ақтөбе» (2:0) — 3 000

«Атырау» — «Қызылжар» (1:2) — 2 500

«Ұлытау» — «Оқжетпес» (0:1) — 1 900

«Ордабасы» — «Жетісу» (1:0) — 1 900.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или