Әлемге танылған Кабирхан тұлпары қазір қайда?

Кабирханның иесі Тілек Мұхамбетқалиев агенттік тілшісіне қазір сәйгүлік қайда екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, талай жарыста дүл-дүл озған Кабирхан қазір Дубайда. Жарыс маусымы аяқталғандықтан, ол күзге дейін сонда болады. Жаңа маусымға дейін демалады және дайындалады.
— Жағдайы жақсы, — деді Тілек Мұхамбетқалиев.
Еске салайық, былтыр 12 қаңтарда Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар жеңіске жетті.
Одан кейін Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде Кабирхан мәре сызығын тағы да бірінші болып кесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или