Топурияның кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

UFC-дің бұрынғы жартылай жеңіл салмақ чемпионы Илия Топурия алдағы жекпе-жегіне дайындықты бастап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, алайда қарсыласының есімін жарияламады.
Бұған дейін Топурия жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартып, жеңіл салмаққа ауысқан еді. Оның басты мақсаты — осы дивизионның қазіргі чемпионы, ресейлік Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізу.
Грузиялық файтер UFC басшылығымен бұл кездесу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын бірнеше рет айтқан. Жақын күндері жекпе-жек ресми түрде жарияланады деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или