ФИФА Винисиуске қатысты тергеу бастады: футболдан екі жылға шеттетілуі мүмкін

ФИФА Винисиуске қатысты тергеу бастады: футболдан екі жылға шеттетілуі мүмкін


Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) назарына ілікті. Қазіргі ақпараттарға сүйенсек, 24 жастағы бразилиялық футболшы бірнеше футбол клубының иесі атанып, мүдделер қақтығысы ережесін бұзуы мүмкін.

Егер бұл жайт дәлелденсе, Винисиус екі жылға дейін футболдан шеттетілуі ықтимал. Қазір тергеу жалғасып жатыр, нақты шешім әзірге шыққан жоқ.

Биылғы маусымда Винисиус барлық жарысты қоса есептегенде 47 ойында алаңға шығып, 21 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген. Оның «Реалмен» келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt дерегінше, ойыншының нарықтық бағасы — 200 миллион еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или