«Бешикташ» Бактиер Зайнутдиновтың клубтағы тағдырын шешті

Түріктің «Бешикташ» командасының басшылығы жазғы трансферлік терезеде бірнеше шетелдік ойыншымен қоштасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sözcü басылымының хабарлауынша, клубтан кетуі мүмкін ойыншылар тізімінде Чиро Иммобиле бірінші орында тұр. Тізімде италиялық шабуылшыдан бөлек қазақстандық Бактиер Зайнутдинов, сондай-ақ Жоао Марио, Феликс Удуокай, Габриэль Паулиста және Алекс Окслейд-Чемберлен бар. Сондай-ақ түрік ойыншылары Онур Булут пен Тайып Талха командадан кетуі мүмкін екені хабарланды.
Клуб осы ойыншылардың барлығымен коштасатын болса, клубтың жалақы бюджеті 20 миллион еуроға артады. Иммобиле мен Чемберленнің жиынтық жалақысы 10 миллион еуроны құрайтыны атап өтілді. Бұл екі ойыншының жалақысы жоғары болғандықтан, олардың кетуіне байланысты проблемалар туындауы мүмкін деген алаңдаушылық бар, деп жазады дереккөз.