Карло Анчелоттиға италиялық клубтар көз тікті

Карло Анчелоттиға италиялық клубтар көз тікті

«Рома» мен «Милан» клубтары мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелоттиге хабарласып, командаларын басқаруға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

65 жастағы маман Италиядан түскен ұсыныстарды қарастыруға дайын. Екі клубтың да Анчелоттиден жауап күтетіні баса айтылды.

Италияда Анчелотти «Реджина», «Парма», «Ювентус», «Милан» және «Наполи» командаларының бас бапкері болып жұмыс істеді.

Бұған дейін БАҚ итальяндық маман ағымдағы маусымның соңында қызметінен босатылуы мүмкін екенін жазған болатын. Анчелоттидің "Реалмен" келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или