Қайрат Нұрдәулетов «Ақтөбеге» қатысты сұраққа жауап берді

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов «Ақтөбені» жаттықтыруы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен де бұл ақпаратты таңертең оқыдым. Әрине, өзіме деген қызығушылық болғаны қуантады. Бірақ ешқандай нақты ұсыныс болған жоқ, маған ешкім хабарласпады. Сондықтан бұл әңгімелерді жоққа шығара аламын», - деді Қайрат Нұрдәулетов «Тотальный футбол» Telegram арнасына берген пікірінде.
Қайрат Нұрдәулетов баптайтын «Ертіс» Қазақстан Бірінші лигасының жаңа маусымын сәтті бастап, алғашқы екі ойында жеңіске жетті. Қазір павлодарлық команда алты ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или