Шавкат Рахмонов октагонға күзде оралатын болды

Шавкат Рахмонов октагонға күзде оралатын болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты октагонға оралмай жүргені белгілі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дегенмен жауынгер дайындығын бастаған. Бұл туралы sportlinet сайтына Шавкаттың бапкері Эдуард Базров жауап берді.

«Шавкат қазір Алматыда жаттығу жасап жүр. Жаттығулар бойынша алға жылжу бар. Қазір толыққанды жаттығуға кірісе алады. Октагонға оралуын біз күзге жоспарлап отырмыз. Шамамен қазан айына. Қазір тоқтап қалуға болмайды. Уақыт өтіп жатыр, жаңа спортшылар шығып жатыр», – деді Базров.

Шавкаттың салмағында чемпиондық атаққа ие Белал Мұхаммед 10 мамыр Джек Делла Маддаленамен шайқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или