Ламин Ямаль тағы да «жыл спортшысы» атанды

Ламин Ямаль тағы да «жыл спортшысы» атанды

Ламин Ямаль Laureus нұсқасы бойынша «жыл серпілісі» марапатының иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталондық клубтың жас таланты өткен жылғы жетістігі үшін арнайы марапатқа ие болды.

2024 жылы Испания құрамасымен Еуропа чемпионы атанған болатын.

Осылайша жас жұлдыз Жюльен Альфред, Саммер Макинтош, Летсиле Тебого, Виктор Вембанияма және «Байер Леверкузен» сияқты атақты үміткерлерді артта қалдырды.

Бұл Ямалдың жеке деңгейде алған үшінші үлкен марапаты. Ол UEFA Kopa Award сыйлығын «Жылдың ең үздік жас ойыншысы» ретінде жеңіп алды. Осыдан кейін Tuttosport газеті оны «Алтын бала» аталымымен марапаттады, бұл сыйлық ең үздік жас ойыншыға беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или