Маунтинбайктан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Маунтинбайктан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

2025 жылдың 23-27 сәуір аралығында Қытайдың Гуйчжоу қаласында маунтинбайктан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл додада Қазақстан құрамасы сапында 14 спортшы өнер көрсетеді.

Ұлттық құраманың қатарында ерлерден Денис Сергиенко, Егор Карасев, Ілияс Рахимов, Никита Галкин, Алексей Фефелов, Алдер Ергешов пен Богдан Лухманов бар. Қыздар сапында Алина Карасева, Татьяна Генелева, Юлия Ли, София Мамева, Татьяна Чакилева, сондай-ақ Константин Казаков пен Виолетта Казакова бақ сынайды.

Құрама Азия біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетуге және ел намысын абыроймен қорғауға ниетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или