«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

Филиппинде волейболдан Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» командасы екінші кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Талдықорғандықтар «А» тобында иорданиялық «Al Nasser» командасымен шеберлік байқасты.

Бұл жолы сербиялық маман Марко Гршич негізгі құрамда аздаған өзгеріс жасап, Кристина Аниконова мен «Қуаныштан» (СҚО) қосылған украиналық Юлия Дымарды алаңға бірден шығарды.

Қазақстандық волейболшылар аса қинала қойған жоқ. Үшінші сетте Перизат Нұрбергенова, Ирина Кенжебаевалар да ойынға қосылды.

«Жетісу» 3:0 (25:10, 25:15, 25:11) есебімен қарсыласын ойсырата ұтып, өз тобынан бірінші орынмен ширек финалға өтті.

Талдықорғандық команданың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или