«Реал» «Манчестер Ситидің» ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Мадридтік «Реал» «Манчестер Ситидің» испаниялық жартылай қорғаушысы Родриго Эрнандес Каскантені сатып алуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Bild хабарлауынша, корольдік клуб ойыншыға үлкен қызығушылық танытып отыр, бірақ оның «Ман Ситиден» кететін ойы жоқ.
Жартылай қорғаушы ағылшын алпауытында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Родридің «Манчестер Ситимен» келісімшарт мерзімі 2027 жылдың жазына дейін жасалған.
Родри клуб сапында 260 матч өткізіп, 26 гол соғып, 31 нәтижелі пас берді. Клубпен бірге испаниялық Чемпиондар лигасын қосқанда 11 жүлдені жеңіп алды.
2024 жылдың қыркүйегінде «Алтын доптың» иегері жарақат алып 2024/2025 маусымының көп бөлігін өткізіп алды.
Осы маусымда жартылай қорғаушы «Ман Сити» сапында үш матч өткізіп, гол соққан жоқ.
Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының құны 130 миллион еуро.