Чесноков Португалияға ауыса ма?

Қазақстан құрамасы мен «Тоболдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков алдағы уақытта Португалия чемпионатында доп тебуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық құраманың баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен Fonteam YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
«Оған „Хартс“ қызығушылық танытып отыр, бірақ қаржылық келісімге келе алмай жатыр. Жақында екінші нұсқа шықты — „Боавишта“. Олар сұралған соманы төлеуге дайын екенін айтты, бірақ мамырдың соңына дейін трансферлік бан тұр. Сол себепті, Ислам мамырдың соңында Португалияға аттанады деген жоспар бар», — деді Мәулен.
Айта кетейік, «Боавишта» Португалияның Жоғарғы лигасында ойнайды. Бұл клуб 2000 жылғы ел чемпионы, сондай-ақ ел кубогы мен суперкубогын бірнеше мәрте жеңіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или