Шестаков «Барысқа» орала ма? Шешім кейінірек қабылданады

Шестаков «Барысқа» орала ма? Шешім кейінірек қабылданады


Қазақстан құрамасы мен Владивостоктың «Адмирал» клубының шабуылшысы Аркадий Шестаков Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Барысқа» оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

«Бәрі қандай ұсыныс түсетініне байланысты. Басқа клубтар не ұсынады, соған қараймыз. Қазір нақты бір шешім айту қиын», — деді Өскемен хоккей мектебінің түлегі.

Айта кетейік, «Адмиралдың» бас бапкері Леонид Тамбиев Хоккейден Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына қосылды. Әлем чемпионаты Дания мен Швецияда өтеді. В тобында отандастарымыз Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, АҚШ, Германия және Венгрия құрамаларымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или