Аркадий Шестаков: «Қай командада ойнайтыным әзірге белгісіз»

Аркадий Шестаков: «Қай командада ойнайтыным әзірге белгісіз»


Қазақстан құрамасы мен ҚХЛ-дағы «Адмирал» клубының шабуылшысы Аркадий Шестаков алдағы маусымда мансабын қай командада жалғастыратыны жайлы пікір білдірді. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

«Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Келіссөздер басталып кетті, бір айдың ішінде бәрі анықталады деп ойлаймын. Ресми ақпарат содан кейін белгілі болады. “Адмиралда” қаламын ба, жоқ па — әзірге белгісіз», — деді хоккейші.

Еске салайық, 2024/2025 жылғы маусымда Аркадий Шестаков ҚХЛ-да 65 матч өткізіп, 12 гол соқты және 17 нәтижелі пас берді. Плей-офф кезеңінде тағы 2 шайба мен 2 паспен көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или