Хаби Алонсо «Реалға» кетсе, «Байер» кедергі келтірмейді
«Байердің» бас директоры Фернандо Каро клуб Хаби Алонсоны босатуға қарсы емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, егер Хаби кезінде өзі ойнаған «Реалдан» ұсыныс алса, Леверкузен тарапы жолын бөгемейді.
Каро бұл шешім маусым соңына дейін созылып кетпеуі тиіс екенін айтты. Соған байланысты бапкердің болашағы алдағы үш-төрт аптада анық болуы қажет. Ол сонымен қатар «Байер» мен «Реал» арасында бұрыннан жақсы қарым-қатынас орнағанын да атап өтті.
Хаби Алонсо болса, өз кезегінде «болашақ туралы айтуға әлі ерте» деп, назарын толықтай команда алдындағы қазіргі міндеттерге бұрғанын жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или