Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайдың Тайань қаласында өтетін халықаралық «President’s Cup-Asia» жарысына аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық турнир 23-24 сәуір күндері өтеді. Әлемдік бәсекеге Азия елдерімен қатар Аустралия және Франция спортшылары келеді.

Есбол Сұлтанов шәкірттері бұл жарысқа Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дайындалды. Олар аталған турнирден өзге «Spanish Open G1» және «Austrian Open» жарыстарына әзірлігін пысықтады. 

Халықаралық оқу-жаттығу жиынында қазақстандық спортшылар Өзбекстан, Иордания, Қытай, Беларусь, Грузия, Тунис және Сауд Арабиясының таэквондошыларымен тәжірибе алмасты. 

Қытайдағы турнирде еліміздің атынан 59 спортшы сайысқа түседі.

Қыздар құрамасы: Айдана Кумартайева, Рита Бакишева, Нодира Ертаева (барлығы –46 кг), Нодира Ахмедова, Нурай Бауыржанова, Рамина Таирова, Ботакоз Капанова (–49 кг), Азиза Каражанова, Айдана Сундетбай, Шамшат Акберген, Ясмина Нарбаева (–53 кг), Мария Севостьянова, Нурай Казнабек, Арайлым Арапбай, Альмира Канат (–57 кг), Айша Адилбекқызы, Камила Аймукашева, Аида Таукенова, Фатиха Абутай, Жазира Исина (–62 кг), Нурай Хуссаинова, Аяжан Сапархан (–67 кг), Назым Махмутова, Дария Манасқызы (–73 кг), Меруерт Ткебаева, Евгения Каймова (+73 кг).

Ерлер құрамасы: Бегзод Кадиркулов, Еркебұлан Еңсегенов, Артур Серік, Азірет Дүйсенбек, Әділет Қазбаев, Асадбек Ключев (–54 кг), Тамирлан Тлеулес, Асқар Өтеген, Бектөре Оралханов, Ерболат Хассан, Қонысбек Тоғызбаев, Әлішер Ақби (–58 кг), Нұрбек Газез, Аманбол Бегімбетов, Самирхон Абабакиров, Дулат Әбдімәлік (–63 кг), Дамир Шүленов, Сұлтанбек Орынбек, Бақжан Қанат, Ануар Мұхаметкәрімов, Арслан Ерментайұлы (–68 кг), Ергеш Бекасұлы, Мәқсат Орынбасар, Мерей Мәлік, Абдурахмон Марипов, Әділ Тлеуғабылов, Дінмұхамбет Расұлұлы, Алтайыр Өмірбеков, Елнұр Мұратқан (–74 кг), Батырхан Төлеуғали, Мерген Ғаниев (–80 кг), Нұрлан Мырзабаев, Нұрқанат Қожахмет (–87 кг).


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или