Ресми: Константин Горовенко «Атыраудан» кетті

Ресми: Константин Горовенко «Атыраудан» кетті

«Атырау» клубы бас бапкерімен қош айтысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы маусымның басында ғана клубқа бапкер болып тағайындалған Константин Горовенко өз еркімен командадан кеткендігі белгілі болды. 48 жастағы қазақстандық маман биылғы маусым алдында атыраулық команданың тізгінін қайта ұстап, екі оқу-жаттығу жиынынан өтті.  

«Мұнайшылар» осы маусымдағы жеті ойынның алтауында жеңіліп, бір мәрте жеңіске жетті. 

Уақытша бас бапкердің міндетін Денис Мамонов атқарады.

Бұған дейін, «Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Леонов командадан өз еркімен кеткен болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или