Ресми: «Ақтөбе» клубы бас бапкерсіз қалды

Ресми: «Ақтөбе» клубы бас бапкерсіз қалды

«Ақтөбе» клубының бас бапкері Игорь Леонов командадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, бапкер бұл қызметтен өз еркімен кеткен. Жақын күндері клуб жаңа бас бапкерді таныстырады деп күтілуде.

Леонов «Ақтөбенің» тізгінін 2024 жылдың қыркүйегінде алған болатын. Ол Дмитрий Парфeновты алмастырды. Сол уақыттан бері команда 14 ресми матч өткізіп, сегіз рет жеңіске жетті, бір ойында тең түсіп, бес рет жеңілді. Оның жетекшілігімен «Ақтөбе» 2024 жылғы Қазақстан Кубогын иеленді. Сондай-ақ Премьер лигада қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или