Оңтүстік африкалық спринтер Усэйн Болттың рекордын жаңартты

Оңтүстік африкалық спринтер Акани Симбин 100 метр қашықтықты 10 секундтан аз уақытта жүгіріп өткен маусымдар саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ботсванада өткен «Алтын Гран-приде» 31 жастағы спортшы 100 метрді 9,90 секундта бағындырды. Осылайша ол 10 маусым қатарынан 10 секундта 100 метрлік жүгіруді аяқтаған 11 дүркін Олимпиада чемпионы Усэйн Болттың жетістігін басып озды.
Еске салайық, Болт 100 м қашықтықты - 9,58 секундта жүгіру бойынша әлемдік рекордқа ие. Ямайкалық оны 2009 жылдың тамызында орнатты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или