Оралда каратэнің WKC/FW түрінен Азия чемпионаты мен кубогы мәресіне жетті

Оралда каратэнің WKC/FW түрінен Азия чемпионаты мен кубогы мәресіне жетті

Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде жасөспірімдер, кадеттер және ардагерлер арасында каратэнің WKC/FW түрінен ІІ Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, сондай-ақ балалар арасында Азия кубогының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды.

Халықаралық додада Қазақстанмен қатар 14 мемлекеттен 1 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. 

Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте Ресей көш бастаса, Қазақстан екінші, Үндістан командасы үшінші орынға ие болды.

Азия кубогында батысқазақстандық балғын каратэшілер де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

1 орын:

Арман Нығмет — командалық ката,

Әлім Жалмурзин — кумитэ,

Ангелина Головатова — кумитэ санбон,

Әлихан Құмарғалиев — командалық ката,

Рустам Местный — ката,

Арлан Иргусаев — ката.

2 орын:

Милана Наурызғали — кумитэ,

Диляра Еслямова — командалық кумитэ,

Екатерина Қожақова — кумитэ санбон,

Әділет Бержанов — кумитэ санбон,

Жанель Серқалиева — кумитэ,

Назгүл Серқалиева — кумитэ санбон.

3 орын:

Арсен Бекжанов — ката,

Айзада Нығметова — кумитэ санбон

Аделэ Мерсатова — командалық кумитэ,

Әміржан Сембаев — кумитэ санбон,

Ерлан Қасенов — командалық кумитэ,

Арман Мұхамбетов — кумитэ санбон,

Илияс Кенжетаев — кумитэ санбон,

Сафия Жанғалиева — командалық ката,

Ғабдулла Ғабдуллин — кумитэ санбон.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или