Интрига тірі! «Реал» өз алаңында «Атлетикті» жеңді

Испания Ла Лигасының 2024/2025 жылғы маусымдағы 32-ші турындағы «Реал» мен «Атлетик Бильбао» кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында ойнады. Алаң иелері минималды 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Реал Мадрид Федерико Вальверденің 90+3-ші минутта соққан голының арқасында жеңіске жетті.
32 ойыннан кейін Реал Мадрид 69 ұпаймен Ла Лига кестесінде екінші орында тұр. Осынша ойыннан кейін «Атлетик» 57 ұпаймен төртінші орында. 73 ұпай жинаған каталондық «Барселона» көш басына жайғасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или