«Барселона» шабуылшысы жарақат алды. Алаңға қашан оралатыны белгісіз

«Барселона» шабуылшысы жарақат алды.  Алаңға қашан оралатыны белгісіз

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски жарақатын алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Польшалық футболшы Ла Лиганың 32-турындағы «Сельтаға» қарсы ойында 78-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Аталған матчта «Барселона» 4:3 есебімен жеңіске жетті. Каталониялық клуб дәрігерлері футболшының нақты қанша уақыт ішінде қалпына келетінін айту қиын екенін, бәрі оңалту процесіне байланысты екенін мәлімдеді.

Биыл 36 жасқа толған Левандовски «Барселона» сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 143 матч өткізіп, 99 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или