ҚФФ президентінің кеңесшісі «Жетісу» бас бапкерінің алаңнан қуылуына қатысты пікір білдірді
«Жетісу» бас бапкері Самат Смақов ҚПЛ бесінші турындағы «Ордабасыға» қарсы өткен матчта төрешілердің жұмысына көңілі толмағанын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның командасы 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Кездесу барысында маман қосалқы төрешіге тіл тигізгені үшін техникалық аймақтан қуылған еді.
Осы оқиғаға қатысты ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсултан Құрман пікір білдірді:
«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан чемпионатының бесінші турында төрешілердің жұмысына қатысты наразылық білдірді. Алайда, клуб тарапынан ресми шағым келіп түскен жоқ.
Осы жағдайға байланысты Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер департаментінің жаңа жетекшісі Нуну Алешандре Паррейра де Каштру «Жетісу» командасының бас бапкерімен Zoom арқылы байланысқа шығып, аталған матчтағы төрешілердің қабылдаған шешімдерін түсіндіріп береді. Кәбірұлына да өз шағымдарын негіздеп беруге де мүмкіндік болады. Самат Қәбірұлы - ел футболында үлкен құрметке ие тұлға.
Естеріңізге сала кетсем, бас бапкер резервті төрешіге бейәдеп сөздер айтқаны үшін қызыл қағаз алып алаңнанқуылды.Сонымен қатар, Самат Смақовтың ойындағы әрекеттері ҚФФ Тәртіптік-бақылау комитетінің қарауына жіберіледі.Барлық тараппен жеке сөйлесіп шықтым. Дүйсенбіге дейін жоғарыда жазған қадамдар жасалады».