Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегінің толық видеосы

Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегінің толық видеосы

Жексенбі күні таңертең қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) Коммерстегі (АҚШ) бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Садриддин Ахмедов үшін бұл оның 2025 жылғы алғашқы жекпе-жегі болды. 2024 жылы желтоқсанда өткен кейінгі кездесуінде ол жетінші раундта америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) нокаутқа түсірген болатын. Элиас Эспадас та былтыр желтоқсан айынан бері рингке шықпаған: мексикалық боксшы өзінің кейінгі жекпе-жегінде отандасы Рамон Бараджасты (14-41, 4 КО) екінші раундта жеңген еді.

Жекпе-жек бойы Садриддин айқын басымдық танытса да, төрешілер тең нәтиже тіркеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или