Қазақстандық футболшы Тұманды Альбионға ауысады

Қазақстандық футболшы Тұманды Альбионға ауысады

Қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноков мансабын Еуропада жалғастыруы мүмкін - 25 жастағы футболшы шотландиялық «Хартс» клубымен алдын ала келісімшартқа отыруға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Edinburgh News хабарлады.

Футболшы Қостанайдың «Тобылынан» кетіп, Эдинбург клубына ауысады. Тараптар арасындағы келіссөздер қаңтар айында басталды, бірақ ол кезде трансфер туралы келісімге келу мүмкін болмады. Енді алдағы бір айдың ішінде барлық қажетті құжаттар дайын болады деп күтілуде.

«Хартс» Чесноковқа ұзақ мерзімді келісім ұсынып, негізгі құрамнан орын алуға кепілдік береді. Соңғы екі маусымда Чесноков Қазақстан құрамасының сапында 20 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді, сондай-ақ 13 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или