Тәжікстандық файтер қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Тәжікстандық файтер қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Алматы қаласындағы OCTAGON 71 ірі турнирінде алдын ала кард аясындағы тағы бір жекпе-жек аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Сегізбұрышта жеңіл салмақ дәрежесінде қырғызстандық файтер Майрамбек Жанибек уулу (3-1) мен тәжікстандық спортшы Дилшод «Шоутайм» Нуркузиев (4-1) кездесті.

Жекпе-жек алғашқы раундтың екінші минутында аяқталды. «Шоутайм» қарсыласын нокаутқа түсірді.

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде әйелдер арасындағы аса жеңіл салмақта чемпиондық айқас өтеді. Қазақстандық файтер Аян Тұрсын (7-0) Қырғызстан өкілі Фарида Абдуевамен (4-1) кездеседі.

Ко-мейн ивентте өзбекстандық Сардор Худойбердиев (8-3) чемпиондық титулға бұрынғы үміткер қырғызстандық Арген Абдықадыр уулу (9-1) жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или