«Жеңіс» сапына хорватиялық қорғаушы қосылды

«Жеңіс» сапына хорватиялық қорғаушы қосылды

Елордалық «Жеңіс» сапына хорватиялық қорғаушы Иван Шараванья қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«28 жастағы хорватиялық қорғаушы Иван Шараванья «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды!

Иван босниялық «Широки-Бриег» футбол клубы академиясының түлегі. Кәсіби мансабын 2016 жылы аустриялық «Адмира Ваккер Мёдлинг» клубында бастады. Сондай-ақ аустриялық «Аустрия Клагенфурт», кипрлік «Акритас Хлоракас» және туған «Широки-Бриег» командаларында ойнаған. Өткен маусымда «Елімай» сапында 14 матч өткізді», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или