«Медаль жеңіп алуға нақты мүмкіндіктер бар». Қазақстан құрамасының жұлдызы Еуроға қатысты жоспарларын бөлісті

«Медаль жеңіп алуға нақты мүмкіндіктер бар». Қазақстан құрамасының жұлдызы Еуроға қатысты жоспарларын бөлісті

Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі қақпашысы Игита Prosports.kz сайтына берген сұхбатында команда құрамындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Бізде әлеует бар, біз оны дәлелдедік. Қазір бізде сәл қиын кезең өтіп жатыр – бұл рас. Мұны бәрі біледі – біз өзіміз де білеміз. Ал медаль үшін күресіп жүргенімізге қанша жыл болды? Он жылдан бері ең ірі турнирлерде жүлде үшін күресуге қабілетті екенімізді көрсетіп келеміз. Әлем чемпионаттарына жолдама алып, Қазақстан үшін медаль жеңіп алуға тырысамыз. Мен мүмкіндіктерді көріп отырмын – әрі аз емес. Қазақстан үшін медаль жеңіп алуға нақты мүмкіндік бар деп ойлаймын.

Бірақ соған жету үшін алдымен қыркүйекте жеңіске жетуіміз керек – ал әрі қарай Литва мен Латвияда өтетін Еуропа чемпионатында көреміз», – деді үздік ойыншы.

Жақында Вьетнамда өткен жолдастық матчтарда Қазақстан құрамасы алдымен жергілікті командадпн  1:4 есебімен жеңіліп, екінші ойында 2:2 есебімен тең түсті. Қыркүйек айында қазақстандық футзалшыларға EURO 2026 финалдық турниріне жолдама беретін плей-офф кездесулері күтіп тұр. Қарсылас 15 мамырда белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или