Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды

Қазақстан құрамасы боксшысы Сәкен Бибосынов Хабаровскіде (Ресей) өтіп жатқан Константин Коротковты еске алу турнирінде финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Бибосынов ресейлік Денис Пальшинмен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Сәкенге берді. Осылайша ол турнир чемпионы атанды, ал Пальшин күміс медальға ие болды.
Айта кетейік, бұл – Қазақстанның осы турнирдегі алғашқы алтын медалі.
Еске салайық, Сәкен 2021 жылғы әлем чемпионатында алтын алса, 2019 жылы қола жүлдегер болды. 2020 жылы Токио Олимпиадасында үздік үштікке енді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или