Криштиану Роналду АПЛ клубымен келісімшартқа отыруы мүмкін

Футбол тарихындағы үздік бомбардир, Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында өнер көрсететін Криштиану Роналду клубын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sport Bible журналының танымал араб журналисі Насир Джаббардың айтуынша, Роналду 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін «Әл-Насрдан» кетуді қарастыруда. Роналдуға Лондонның «Челси» мен «Манчестер Сити» клубтары қызығушылық танытып отыр. Роналду турнирге қатысу үшін осы клубтардың бірімен бір айлық келісімшартқа отыруы мүмкін.
Айта кетейік, португалиялық тағы бір ағылшын алыбы «Манчестер Юнайтедте» ұзақ уақыт ойнап, онымен бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын. Бұған дейін Криштиану әлем чемпионатына қатысу үшін дәл осындай схема бойынша «Интер Майамимен» келісімшартқа отыруы мүмкін екені хабарланған болатын.