Қазақстандық Эль-Класикода кім жеңіске жетеді?

Сенбі, 19 сәуір күні Қостанайда ҚПЛ-дың 5-туры аясында «Тобыл» мен «Ақтөбе» кездеседі. Бір кездері екі команда арасындағы текетірес ел футболының «Эль-Класикосы» атанған.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Бірақ кейінгі жылдары қостанайлық және ақтөбелік команда арасындағы текетірестің орнын «Астана» мен «Қайрат» бәсекесі басқан. Ертеректе Қазақстан футболында «Тобыл» мен «Ақтөбе» дербиінің аса маңызды болғаны ел елсінен шыққан жоқ. Қос қарсылас арасындағы кездесулер қашан да қызық әрі тартысқа толы болады.
Қостанайлық және ақтөбелік команда арасындағы кездесу осы турдың орталық матчы саналады. Алғашқы төрт турдан кейін «Тобыл» 8 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде төртінші, ал «Ақтөбе» 10 ұпаймен екінші-үшінші орындарды бөлісіп тұр. Яғни, көш басындағы командалар кездеседі. Матч Қостанайда өтетін ескерсек, теориялық тұрғыда алаң иелерінде біршама басымдылық болуы мүмкін.
Мұнда белгілі бір нюанстар бар. Мысалы: былтыр қостанайлық клуб «Ақтөбеге» қарсы өткізген үш ресми матчтың бәрінде жеңіске жетті, доп айырмасы - 9:3 болды (2024 жылғы ҚПЛ-да «Тобыл» екі ойында жалпы 7:3 есебімен жеңіске жеткен). Сондай-ақ ҚКФЛ қысқы кубогының жартылай финалында «Тобыл» 4:2 есебімен басым түсті. Яғни кейінгі кезде «Ақтөбе» қостанайлық командаға қарсы сәтсіз өнер көрсетіп жүр деуге негіз бар. Сенбі күні қонақтар осы сәтсіз серияға нүкте қоюға тырысады.
Қостанай клуб биылғы ел чемпионатында өз қақпасына жалғыз гол жіберді. Демек «Тобылдың» қорғанысы тас қамал деуге болады. Ал «Ақтөбе» жақында Қазақстан кубогы аясында «Жеңіске» есе жіберді. Екінші жағынан, «Ақтөбе» қазір ҚПЛ турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Бірақ ақтөбелік команданың бұған дейінгі қарсыластары аса мықты болған жоқ. «Ордабасы» үздік клуб болғанымен, маусымды аса сәтсіз бастады, одан бөлек «Тұран», «Атырау» және «Қайсармен» жолықты. Ал «Тобыл» мүлде басқа деңгейдегі команда екенін ұмытпаған жөн.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі қарымта кездесуге мынадай коэффициент ұсынып отыр: «Тобылдың» жеңісіне — 2.25, «Ақтөбенің» жеңісіне — 3.42, матч тең аяқталады дегенге — 2.94.
Сондай-ақ, «Тобыл» кем дегенде бір таймда жеңіске жетеді деген бәске – 1.69 коэффициент ұсынады. Өйткені қостанайлық команда бүгінгі қарсыласына қарсы өткен кейінгі 5 матчтың бәрінде кем дегенде бір таймда жеңіске жетіп отырған. Ал «Ақтөбе» кемінде бір таймда жеңіске жетеді дегенге — 2.21 коэффициент берген. Өйткені қонақтар ел чемпионаты аясында өткен кейінгі 18 ойынның 14-інде кем дегенде бір таймда қарсыласынан басым түскен.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.