Ресейдегі топ-турнир: финалда қарсыластар кімдер?

Хабаровскіде (Ресей) өтіп жатқан Константин Коротковты еске алу халықаралық бокс турнирінің финалистері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің финалында Қазақстан намысын ерлер және әйелдер арасында алты спортшы қорғайды.
Финал. Әйелдер:
57 келі: Айдана Забынбекова (Қазақстан) - Сок Хен Ку (КХДР)
60 келі: Римма Волосенко (Қазақстан) - Ирина Автина (Ресей)
66 келі: Ұлдана Таубай (Қазақстан) - Су Хе Хоанг (КХДР)
Жекпе-жектер 19 сәуір күні сағат 07:00-де басталады.
Финал. Ерлер:
54 келі: Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Денис Пальшин (Ресей)
92 келі: Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) - Сергей Слободян (Ресей)
92 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) - Орудж Мамедов (Ресей)
Жекпе-жектер 19 сәуір күні сағат 12:00-де басталады.
Финалға шыққан елдер:
Әйелдер:
- КХДР – 4
- Қазақстан –3
- Ресей – 2
- Өзбекстан – 2
- Беларусь – 1
Ерлер:
- Ресей – 14
- Өзбекстан – 7
- Қазақстан – 3
- КХДР – 1
- Беларусь – 1