2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы белгілі болды

Қазақстан хоккей федерациясы Дания мен Швецияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдын ала тізімге 36 ойыншы енді. Олардың ішінен іріктелген 25 хоккейші ғана (22 ойыншы және 3 қақпашы) әлем чемпионатына қатысатын болады.
Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Амирбеков («Металлург», Магнитогорск, ЖХЛ), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау), Максим Павленко («Рязань – ВДВ», Рязань, ЖХЛ).
Қорғаушылар: Степан Александров («Торпедо», Өскемен), Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Бейбарыс Оразов (барлығы - «Барыс», Астана, ҚХЛ), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, ҚХЛ), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент).
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Алихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семен Симонов, Николай Шульга (барлығы - «Барыс», Астана, ҚХЛ), Александр Борисевич («Сарыарқа», Қарағанды), Владимир Волков, Александр Своеволин, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Артем Лихотников («Хумо», Ташкент), Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, ЖХЛ), Ян Тютюньков («Торпедо», Өскемен), Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ).
Айта кетейік, хоккейден әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы Норвегия, Дания, Германия, Венгрия, Чехия, Швейцария және АҚШ командаларымен ойнайтын «В» тобында өнер көрсетеді.