ПСЖ осы маусымда Чемпиондар лигасындағы жүлде қоры бойынша көшбасшы атанды

ПСЖ осы маусымда Чемпиондар лигасындағы жүлде қоры бойынша көшбасшы атанды

Франциялық ПСЖ осы маусымда Чемпиондар лигасында 119,4 млн еуро табыс тапты. Бұл турнирге қатысқан барлық клубтардың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Prosports.kz.

Football Meets Data аналитикалық платформасының мәліметінше, екінші орында — миландық «Интер», оның табысы 118,1 млн еуро. Ал үздік үштікті лондондық «Арсенал» түйіндейді — 117 млн еуро.

Чемпиондар лигасының осы маусымында ең көп табыс тапқан топ-10 клуб:

1. ПСЖ — 119, 4 млн еуро;

2. «Интер» — 118,1 млн еуро;

3. «Арсенал» — 117 млн еуро;

4. «Барселона» — 116,6 млн еуро;

5. «Бавария» — 105,9 млн еуро;

6. «Боруссия» Дортмунд — 102,2 млн еуро;

7. «Реал» Мадрид — 101,8 млн еуро;

8. «Ливерпуль» — 98,1 млн еуро;

9. «Байер» — 87,1 млн еуро;

10. «Атлетико» Мадрид — 84,9 млн еуро.

Қазіргі таңда ПСЖ Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетіп, онда «Арсеналмен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или