Қазақстандық файтерлер BRAVE 93 турнирі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

18 сәуір күні Қытайда BRAVE 93 турнирі өтеді, оған екі қазақстандық файтер қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Олжас Есқараев грузиялық Раули Тутараулимен кездеседі. Таңертеңгі салмақ өлшеу кезінде Олжас 70,8 келі, ал оның қарсыласы 70,6 келі көрсетті.
Сондай-ақ турнир картасында Рауан Бекболат 66,2 келі салмақ көрсетіп, қытайлық Зеки Дуоджимен (65,8 келі) жекпе-жекке шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или