Тамбиевке ұсыныс түсті: «Адмирал» жауабын күтуде

Владивостоктың «Адмирал» клубының спорт директоры Павел Житков Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді. Айтуынша, бас бапкер Леонид Тамбиевке расымен де ұсыныс жасалған, бірақ ол әзірге нақты шешім қабылдамаған.
– Леонид Григорьевич бұл ұсынысқа әлі жауап берген жоқ. Қандай да бір шешім қабылдаса, оны клубтың ресми парақшаларында жариялаймыз. Оның келісімшарты екі маусымға есептелген. Келесі маусымды «Адмиралмен» бастайды, – деді Житков.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін Олег Боләкин атқарып жүр. Хоккейден әлем чемпионаты 9 мамыр күні басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или