«Барыстың» алдағы маусымда бас бапкері ауыса ма?

Астаналық «Барыс» клубының бас директорлығына үміткер атанып отырған бұрынғы танымал хоккейші Вячеслав Борисов команданың болашағы жайлы ойын Prosports.kz сайтына бөлісті. Егер клуб тізгінін ұстаса, бас бапкерге қояр талаптарын да жасырмады.
– Қазіргі таңда нақты бір есімді айту орынсыз болар еді. Себебі, «Барыстың» бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиевтің келісімшарты әлі екі жылға жалғасады. Дегенмен, мен үшін маңыздысы – заманауи көзқарасы бар, жастармен жұмыс істей алатын және ұзақмерзімді жобаға сай келетін маман, – деді Борисов.
Айта кетейік, бұған дейін клубтың бас директоры қызметін атқарған Нұрлан Оразбаев отставкаға кеткен болатын. Бұл шешім «Барыстың» тарихындағы ең сәтсіз маусымдарының бірінен кейін қабылданды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или