Гвардиола Вирцті Де Брюйне орнына алып келмек

«Байер» клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц Англияға ауысуы мүмкін. Bild дерегінше, «Манчестер Сити» 21 жастағы футболшы үшін 150 миллион еуро төлеуге дайын.
Команданың бас бапкері Пеп Гвардиола Вирцті Кевин Де Брюйненің ұзақ мерзімді баламасы ретінде қарастырып отыр. БАҚ мәліметіне сәйкес, бельгиялық ойыншы жақын арада клубтан кетуі мүмкін. Егер ауысым жүзеге асса, неміс футболшысы «Сити» сапындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі болмақ — жылдық табысы 25 миллион еуроға жетеді.
Айта кетейік, Вирц биылғы маусымда «Байер» сапында керемет ойын өрнегін көрсетіп жүр. Ол Хаби Алонсо баптайтын команданың Бундеслигадағы табысты ойындарында басты рөл атқарып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или