Соколенко Медиалигада ойнауы мүмкін, бірақ бәрі тізесіне байланысты

Қазақстан құрамасына шақырту алған бұрынғы қорғаушы Александр Соколенко Медиалигада ойнау ықтималдығына қатысты пікір білдірді. Legalbet.kz порталына берген сұхбатында ол нақты шешім қабылдамағанын айтты.
«Медиалигада ойнаймын ба? Әзірге белгісіз. Бәрі тіземнің жағдайына байланысты. Қазір SD Family клубына барып, жаттығу жасап жатырмын», – деді футболшы.
28 жастағы Соколенко бұған дейін «Қайрат», «Қызылжар», «Атырау» және «Ертіс» секілді бірқатар командаларда ойнаған. Соңғы рет ол «Тұран» сапында доп тепкен. Өткен маусымда 12 матч өткізіп, бір гол соқты. Ол Қазақстан құрамасына бірнеше рет шақыртылғанымен, ресми ойынға қатысқан жоқ. Айта кетейік, футболшы ауыр жарақат алып, тізесіне ота жасатқаннан кейін, «Тұран» клубы оның жазылуын күтпей-ақ құрамнан шығарған.