Вашингтон қаласының мэрі ресми түрде Овечкин күнін бекітті

Вашингтон қаласының мэрі ресми түрде Овечкин күнін бекітті


Вашингтон қаласының мэрі Мюриэл Боузер 2025 жылдың 11 сәуірін "Александр Овечкин күні" деп ресми түрде жариялады. 

Бұл шешім Вашингтонның "Кэпиталз" командасының капитаны, 2025 жылдың 6 сәуірінде ҰХЛ-да 895-голын соғып, Уэйн Гретцкидің рекордын жаңартқан Александр Овечкиннің ұлы жетістігін құрметтеу мақсатында қабылданды. Осылайша, Овечкин НХЛ тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы атанды.

Осы оқиға құрметіне Вашингтонда "GR8 City Celebration" атты салтанатты шара өтті. Оған жаңбырлы ауа райына қарамастан мыңдаған жанкүйерлер қатысты. Іс-шара Capital One Arena аренасында болды. Оған Овечкин және оның командасы мен клуб басшылығы қатысты.

Осылайша, Александр Овечкин Америка қаласында ресми күн тағайындалған алғашқы ресейлік хоккейші болды. Өз кезегінде спортшы бұл оқиға тек клуб үшін ғана емес, Вашингтонның бүкіл спорттық тарихы үшін де маңызды екенін атап өтті.

Дереккөз: Stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или